Донор болу тек құрмет қана емес, сонымен қатар денсаулық үшін өте пайдалы!
Мекен-жайы: Абай обл., Семей қ, Сеченова, 4/3 к.

Құрметті Семей қаласының тұрғындары

Құрметті Семей қаласының тұрғындары, күнтізбеде сәуір айы, және осы айда ауа температурасының жоғарылауына байланысты кенелер жандана бастайды, олар өз кезегінде төмендегі инфекцияларды тасымалдаушылар болып табылады: Лайм-боррелиоз, кене энцефалиті, туляремия және т.б. Кене энцефалиті бойынша Қазақстандағы эндемикалық таралған жерлері болып- Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстары, Алматы қаласы және оның айналасындағы аумақтар танылады. Біздің облыста кене энцефалитінің табиғи ошақтары Катонқарағай, Зырян, Шемонаиха, Ұлан, Глубокое аудандарының аумақтарын және Риддер қаласы мен Өскемен қалаларының айналасын қамтиды.
Орманға немесе саябаққа барар алдында кене тістері қаупінің алдын алу үшін бірнеше ережелерді сақтау керек. Дененің ашық жерлерін мүмкіндігінше жауып тұратындай бас киім (орамал) ашық реңді тығыз маталардан жасалған киімдерді қолданған дұрыс. Далаға, табиғатқа шығар алдында дененің ашық жерлеріне қаланың дәріханаларынан сатып алуға болатын қорғаныс құралдарын (үркіткіш) жағып шығу керек.
Егер сізді кене шағып алған жағдай болса, оны өзіңіз алып тастамай, медициналық мекеменің көмегіне жүгінгеніңіз жөн. Өзіңізді қорғаңыз және сау болыңыз!
E-mail:
kgkpcks@med.mail.kz

Абай облысы, Семей каласы,
Сеченова, 4/3 көшесі
© © 2024 «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Яндекс.Метрика