Донор болу тек құрмет қана емес, сонымен қатар денсаулық үшін өте пайдалы!
Мекен-жайы: Абай обл., Семей қ, Сеченова, 4/3 к.

Бүгін, мамырдың 11күні,Семей қаласының қан орталығына қан банкісінің қорын толықтыру үшін ҚР Қорғаныс Министрлігінің "Әскери-техникалық мектебі" РМҚК Семей филиалының курсанттары келді.

Бүгін, мамырдың 11күні, Семей қаласының қан орталығына қан банкісінің қорын толықтыру үшін ҚР Қорғаныс Министрлігінің "Әскери-техникалық мектебі" РМҚК Семей филиалының курсанттары келді. Айта кетерлік жағдай, 18 курсант гемопоэтикалық дің жасушалары донорларының қатарына қосылуға ниет білдірді. Барлық қатысушылардың көздегендері бір, ол– ауру балалардың өмірін құтқаруға өз үлестерін қосуға деген ниеттерінде. Әрбір жаңа шақырудан жаңа шақыртушылар қан мен оның компоненттерін өтеусіз ерікті түрде тапсырады. Әскери-техникалық мектеп көптеген жылдар бойы өтеусіз донорлықтың дамуына баға жетпес үлес қосып келеді.
Қан орталығының ұжымы "Әскери техникалық мектебі" басшылығы мен курсанттарына қолдау көрсеткендері үшін, және донорлық қозғалысқа қатысудың маңыздылығын ұғынғандары үшін үлкен алғыс білдіреді! Қан орталығының ұжымы Сіздерге, және Сіздердің жақындарыңызға зор денсаулық, ұзақ та белсенді өмір, отбасыңызға амандық тілейді. Адамдардың тағдырына немқұрайлылық танытпай жанашырлық көрсеткендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз!






 
E-mail:
kgkpcks@med.mail.kz

Абай облысы, Семей каласы,
Сеченова, 4/3 көшесі
© © 2024 «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Яндекс.Метрика