Донор болу тек құрмет қана емес, сонымен қатар денсаулық үшін өте пайдалы!

Мекен-жайы: ШҚО, Семей қ, Сеченова, 4 к.

Қан донациясының қауіпсіздігі туралы

 

 

Қан донациясының қауіпсіздігі,

Қан құю үшін пайдаланылатын қан, дені сау адамнан-донордан алынуы тиіс.

Сондықтан қан орталығының негізгі басымдықтарының бірі донация процедурасының 100% қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Донорлардың денсаулығына үнемі медициналық бақылау жүргізіледі.

 Алғашқы донор дәрігер-терапевтке немесе трансфузиолог дәрігеріне түседі, олар анкетаны мұқият зерттейді, медициналық тексеруді және алдын ала зертханалық зерттеулердің деректеріне талдау жүргізеді.

Тұрақты донорлар жыл сайын, кеуде қуысы органдарын рентгеноскопиялық (немесе флюорографиялық) тексертуден өткізеді және қажет болған жағдайда  электрокардиографиялық тексеруден өтеді және т. б.  медициналық тексеру жүргізуді қамтитын шараларды жүргізеді. Қан алу үшін медициналық мақсаттағы стерильді бір реттік бұйымдар ғана пайдаланылады. Құралдарды қайта қолдануға мүлдем болмайды.

Қан орталығында тромбоцитоферез үшін арнайы аппараттар пайдаланылады, ондай қан алуда медициналық персонал өте аз кіріседі өйткені, қан алу  автоматты түрде жүргізіледі.