Донор болу тек құрмет қана емес, сонымен қатар денсаулық үшін өте пайдалы!
Мекен-жайы: Абай обл., Семей қ, Сеченова, 4/3 к.

Біздің қызметкер ШҚО әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

 

Бүгін, Шығыс Қазақстан облысы ДСБ «Семей қаласының қан орталығы» ШЖҚ КМК өнім жіберу тобының мейірбикесі- Сударикова Светлана Леонидовна, Денсаулық сақтау саласындағы көп жылдық адал қызметі үшін Шығыс қазақстан облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Светлана Леонидовна Сударикова, 1969 жылы туған, 1981 жылы Бородулиха медициналық училищесін «мейірбике» мамандығы бойынша бітірген. Жалпы медициналық өтілі-31жыл, сонымен қатар, қан орталығында жұмыс өтілі-25 жылды құрайды. Осы уақыт ішінде ол өзін өз мамандығы бойынша кең білімі бар атқарушы, адал, сауатты қызметкер ретінде көрсетті.
2017 жылдан бастап осы уақытқа дейін өнім жіберу тобының аға мейірбикесі лауазымы бойынша қызмет атқару кезеңінде өз саласындағы білімдерін таным тәжірибесінде кәсіби деңгейде қолдана білетін, сенімді маман екенін танытты.
Семей қаласының қан орталығы ұжымы Светлана Леонидовнаға әрқашан да жеңімпаз болып, тек қана алға ұмтылуды тілейді. Сізге сәттілік пен жаныңызға қымбат адамдардың қолдауын тілейміз!

E-mail:
kgkpcks@med.mail.kz

Абай облысы, Семей каласы,
Сеченова, 4/3 көшесі
© © 2024 «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Яндекс.Метрика