Донор болу тек құрмет қана емес, сонымен қатар денсаулық үшін өте пайдалы!
Мекен-жайы: Абай обл., Семей қ, Сеченова, 4/3 к.

COVID-19 вирусына қарсы екпе

COVID-19 вирусына қарсы екпе- SARS-CoV-2 коронавирусынан пайда болған COVID-19 инфекциясына қарсы тұрақты жасушалық иммунитеттің пайда болуына әкеледі. Барлық екпелер бір қағидамен жұмыс жасайды: олар, иммундық жүйені инфекцияны тануға, және антиденелер шығару арқылы өзін қорғауға үйретеді. Сондықтан да екпелер бұл- аурулардың әр түрімен күресудің жойқын күшті әдісі болып табылады: олар ауруды емдемейді, олардың дамуының алдын алады.
4 наурыздан бастап Семей қаласының қан орталығының қызметкерлері ковидке қарсы екпемен егіле бастады. Бүгінгі таңда қан орталығының 82% пайыз медицина қызметкерлері екпе қабылдады, екпе алу әлі де жалғасуда. Адамдарда ағза тарапынан елеулі жағымсыз әсерлер байқалмады, қазіргі таңда екпе алған барлық қызметкерлер өздерін жақсы сезінеді. Екпенің екінші компонентін алу 25 наурыздан бастап күтілуде.
Сарапшылар, денсаулығына қарсы көрсеткіштері бар адамдардан басқаларына, әсіресе жасы ұлғайған адамдардың көп бөлігіне екпе алуды ұсынады.
Миллиардтаған адамдарға екпе егу Covid-19 вирусының таралуын тоқтатуға, сондай-ақ, топтық иммунитетке қол жеткізуге көмектеседі. Біз осыған қол жеткізгеннен кейін қалыпты жағдайға орала аламыз!

E-mail:
kgkpcks@med.mail.kz

Абай облысы, Семей каласы,
Сеченова, 4/3 көшесі
© © 2024 «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Яндекс.Метрика