Донор болу тек құрмет қана емес, сонымен қатар денсаулық үшін өте пайдалы!
Мекен-жайы: Абай обл., Семей қ, Сеченова, 4/3 к.

Халықаралық қатысумен "Трансфузиялық терапияның өзекті мәселелері"атты IX республикалық ғылыми-тәжірибелік КОНФЕРЕНЦИЯ өз жұмысын аяқтады.

2021жылғы 18 наурызда Нұр-сұлтан қаласында "Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы" ШЖҚ РМК, ұйымдастыруымен жүргізілген, Халықаралық қатысумен "Трансфузиялық терапияның өзекті мәселелері"атты IX республикалық ғылыми-тәжірибелік КОНФЕРЕНЦИЯ өз жұмысын аяқтады.
Конференцияның мақсаты өтеусіз қан донорлығын дамытудың өндірісте жаңа технологияларды енгізудің сондай-ақ, донорлық қанды зертханалық тексерудің, қан құюды талап ететін кездердегі емделу жағдайы бойынша өзекті мәселелерді талқылау болды.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
"Қан қызметінің ұйымдастырушылық мәселелері";
"Өтеусіз ерікті донорлықты дамыту"; "Клиникалық трансфузиология";
"Қан қызметіндегі зертханалық диагностика".
Онлайн-конференцияға Қазақстан, Ресей, Нидерланды, Австрия, Тәжікстан, Оман, Гана, Украина елдерінің өкілдері қатысты.
Конференцияны Нұр-сұлтан қаласындағы "Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының" (ТҒӨО) директоры С. А. Абдрахманова алғы сөзбен ашып, іс-шараға қатысушыларға еңбектерінің жемісті болуын тілей отырып, "2020 жылғы Қазақстан Республикасының қан қызметі " тақырыбында баяндама жасады.
Аталған конференцияны, ауқымды іс-шараны онлайн режимде өткізудің алғашқы тәжірибесі болды.
Баяндамалар өзекті де ауқымды болды, клиникалық трансфузиология, гематология, әскери медицина, қан талдауларының зертханалық диагностикасының негізгі бағыттарын ашып өтті.


Семей қаласының қан орталығының қызметкерлері онлайн конференцияға қатысты.
Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының аталмыш конференцияны ұйымдастырушыларына, сондай-ақ баяндамашылар мен тыңдаушыларға үлкен алғысымызды білдіреміз!
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, келе жатқан Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жақсылық және бақыт тілейміз! Сәттілік сіздерге әр қашанда жолдас болсын!

E-mail:
kgkpcks@med.mail.kz

Абай облысы, Семей каласы,
Сеченова, 4/3 көшесі
© © 2024 «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Яндекс.Метрика