Донор болу тек құрмет қана емес, сонымен қатар денсаулық үшін өте пайдалы!
Мекен-жайы: Абай обл., Семей қ, Сеченова, 4/3 к.

Бүгін 10 сәуірде Семей қаласында әдеттегідей көктемгі бірінші сенбілік өтті.

Бүгін 10 сәуірде Семей қаласында әдеттегідей көктемгі бірінші сенбілік өтті. Коммуналдық қызмет көрсетушілерге көмек ретінде, көшелерді ауқымды тазалауға жүздеген ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері шықты, оның ішінде осы аталған іс-шараға "Семей қаласының қан орталығы"ШЖҚ КМК қызметкерлері белсене қатысты. Жақын маңдағы аумақтарды тазалау және қалпына келтіру бойынша іс-шаралар өткізілді. Барлығы қолдарына тырма, күрек және сыпырғышты алып, қаламыздың игілігі үшін жұмыла жұмыс істеді. Азғана уақыт ішінде жер телімдері тазарған жаңа түрге енді: былтырғы жылғы жапырақтар мен қоқыс тазаланды.
Қала әкімі Нұрымбет Сақтағановтың тапсырмасы бойынша 10 сәуірден бастап әр сенбі сайын Семейде қаланы санитарлық тазалау бойынша іс-шаралар өткізілмек.


Сенбілік-игі дәстүр және қаламызды таза ұстау үшін күш-жігерімізді жұмылдырудың тамаша мүмкіндігі!
Сенбілікке ат салыса қатысқандардың барлығына үлкен рақмет!

E-mail:
kgkpcks@med.mail.kz

Абай облысы, Семей каласы,
Сеченова, 4/3 көшесі
© © 2024 «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Яндекс.Метрика