Донор болу тек құрмет қана емес, сонымен қатар денсаулық үшін өте пайдалы!
Мекен-жайы: Абай обл., Семей қ, Сеченова, 4/3 к.

14 маусым күні бүкіл әлем Дүниежүзілік донор күнін атап өтеді.

14 маусым күні бүкіл әлем Дүниежүзілік донор күнін атап өтеді. Донор күні-игі істер мен мейірімділіктің төл мерекесі. Донорлық қансыз кей кезде адам өмірін құтқару мүмкін емес. Біздің әлеміміздің әрбір үшінші тұрғыны кем дегенде бір рет қан құюды қажет етеді. Сондықтан донорлардың көмегіне баға жетпейді!
Бүгін Семей қаласының қан орталығында Дүниежүзілік қан доноры күніне орай донорларға құрмет көрсетілді. Бұл күні бізге қан мен оның компоненттерінің барлық донорларына алғыс білдіруімізге мүмкіндік беріледі.


Дүниежүзілік донор күнінің науқаны осы жылы "Қан тапсырыңыз-әлемде өмір ырғағы таусылмасын!"-атты ұранымен өтуде. Ол қан донорларының әлемде кейбіреулердің өмірін сақтауына және басқалардың өмір сүру сапасын жақсартуына маңызды үлкен үлесін береді.Бұл науқан бүкіл әлемде көптеген адамдарға үнемі қан тапсырып, денсаулығын жақсартуға үлес қосуға деген жаһандық үндеуді күшейтеді.
Іс-шара аясында барлық өтеусіз донорларға естелік сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ, ерікті және өтеусіз донорлықты дамытуға белсенді қатысатын тұрақты донорларды марапаттаумен өтті. Донорлық қозғалыстың дамуына баға жетпес үлес қосқаны үшін Ілияс Кенжебайұлы Байғожинов, Нұрғалым Құсанұлы Мәдиянов, Евгений Владимирович Терехов, Олег Юрьевич Струков, Наталья Николаевна Струкова, Евгений Михайлович Емельянов,Пацко Марина Александровна сынды ардақты донорлар бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Донор күнімен құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Сіздерге және жаныңызға жақын жандарыңызға денсаулық тілейміз! Бақытты болыңыздар, жасаған игі істеріңізге үлкен рахмет! Сіздердің шынайы қамқор ниеттеріңіз ең үлкен құрметке лайықты! Сіздердің көмектеріңізге баға жетпес!

E-mail:
kgkpcks@med.mail.kz

Абай облысы, Семей каласы,
Сеченова, 4/3 көшесі
© © 2024 «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Яндекс.Метрика