Донор болу тек құрмет қана емес, сонымен қатар денсаулық үшін өте пайдалы!
Мекен-жайы: Абай обл., Семей қ, Сеченова, 4/3 к.

Семей қаласының қан орталығында медицина қызметкерлері күнін мерекелеу іс-шарасы ұйымдастырылып, кәсіпорын қызметкерлерін "Семей қаласының қан орталығы" ШЖҚ КМК директоры құттықтап өтті

Семей қаласының қан орталығында медицина қызметкерлері күнін мерекелеу іс-шарасы ұйымдастырылып, кәсіпорын қызметкерлерін "Семей қаласының қан орталығы" ШЖҚ КМК директоры Айгүл Бекенқызы Альжанова құттықтап өтті.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Семей қаласының әкімі және қан орталығы әкімшілігі аттарынан бірқатар қызметкерлерді құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаттады.
Семей қаласының әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағановтың "Құрмет" грамотасымен сапа бақылау бөлімінің дәрігері-Боранбаева Алия Билимгазиновна, трансфузиолог-дәрігер Қалибекова Ботагөз Маутбекқызы, ал "Алғыс" хаттарымен өнім жіберу тобының мейірбикесі- Сидоркина Елена Евгеньевна, сапа бақылау бөлімі аға-фельдшер зертханашысы- Сыбангалиева Меруерт Мырзакановна, функционалдық қамсыздандыру бөлімі санитары- Берилова Елена Владимировна, сондай-ақ,
ҚР Денсаулық сақтау министрі -Цой Алексей Владимирович атынан бас мейірбике- Егимбаева Бахтыжамал Есембекқызы, қан орталығының алғыс хаттарымен-
қан компоненттерін дайындау бөлімінің меңгерушісі -Назигул Амангельдиновна Оразданова, донорлық кадрларды жинақтау бөлімінің меңгерушісі- Ирина Андреевна Шаменко, донорлық кадрларды жинақтау бөлімінің мейірбикесі- Калиева Альмира Руслановна, өнім жіберу тобы санитары- Сигаева Кымбат Мырзабековна және Бұлан Бақыт Мақсатқызы сынды әріптестеріміз марапатқа ие болды.Әріптестерімізді мақтауға лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз, зор денсаулық, сарқылмас күш-қуат және жұмыста табысқа жетулеріне тілектеспіз!

E-mail:
kgkpcks@med.mail.kz

Абай облысы, Семей каласы,
Сеченова, 4/3 көшесі
© © 2024 «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Яндекс.Метрика