Донор болу тек құрмет қана емес, сонымен қатар денсаулық үшін өте пайдалы!
Мекен-жайы: Абай обл., Семей қ, Сеченова, 4/3 к.

ШҚО әкімі Д.К. Ахметовтың тапсырмасы бойынша

ШҚО әкімі Д.К. Ахметовтың тапсырмасы бойынша "Семей қаласының қан орталығы" ШЖҚ КМК-да 2021 жылғы 19 шілдеден бастап әлеуетті донорлардың тізімін қалыптастыру және иммундық плазманы дайындау жұмысы қайта жаңғыртылды. Бүгінгі таңда Семей қаласының және Семей өңірінің медициналық ұйымдарында клиникалық тұрғыдан қолдану үшін плазманың 1580-нен астам дозасы дайындалды. Иммундық плазманы қолдану емдеудің өте маңызды аспектісі болып қала береді. Бұл әдіс тірі вакцина әсеріне ие және науқаста бейтарап иммунитеттің дамуына ықпал етеді, аурудың пайда болу қаупін төмендетеді немесе оның клиникалық көрінісі жеңілдеу болып келеді, сонымен қатар науқастың тез қалпына келуіне ықпал етеді.
09.08.2021 жылы иммундық плазманы дайындау шеңберінде өз азаматтық ұстанымдарын белсенді түрде көрсете отырып, біздегі қан орталығына Жарма ауданының әкімі- Нұрғожин Ахметқали Ахашұлы және мәслихат хатшысы- Оспанбаев Мейрхан Мелисұлы бастаған бір топ делегация келді, олар инфекциялық ауруханалардың стационарларындағы науқастарды емдеу үшін иммундық плазманы дайындауға шын көңілден өз үлестерін қосты. Емшаралардан кейін біздің қонақтар өздерін жайлы сезінді. Қан орталығының ұжымы донорлыққа белсене қатысып, жауапты қызмет атқарғаны үшін Сіздерге шынайы алғыс білдіреді. Алдағы уақытта Сіздермен бірлесе атқарған жұмысымыздың жемісті болатынына сенімдіміз. Сіздерге зор денсаулық пен амандық тілейміз!
Салмағы 50 кг-нан асатын және коронавирустық инфекциямен ауырған (толық қалпына келген сәттен бастап 2 аптадан 6 айға дейін) немесе коронавирустық инфекциядан толық вакцинация курсынан өткен (вакцинаның екінші компонентін алған сәттен бастап 45-60 күн) 18 жастан асқан адамдар иммундық плазманың донорлары бола алады, бұл covid-19-ға қарсы нақты антиденелердің жоғары титрінің болуын болжайды.
Біздің мекен-жайымыз: Семей қаласы, Сеченов көшесі 4.
Донорларды қабылдау режимі: Дүйсенбі-Жұма, 08.00-13.00.
Донорлыққа қатысты сұрақтар бойынша 8 (7222) 42-15-34 телефонына хабарласыңыз.

E-mail:
kgkpcks@med.mail.kz

Абай облысы, Семей каласы,
Сеченова, 4/3 көшесі
© © 2024 «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Яндекс.Метрика