Донор болу тек құрмет қана емес, сонымен қатар денсаулық үшін өте пайдалы!
Мекен-жайы: Абай обл., Семей қ, Сеченова, 4/3 к.

Терроризмге қарсы күрес

Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі N 416-I Заңы.

"Терроризм-күш қолдану идеологиясы және халықты үрейлендіруге байланысты және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке залал келтіруге бағытталған күш қолдану және (немесе) өзге де қылмыстық әрекеттерді жасау не жасаймын деп қорқыту жолымен мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына әсер ету практикасы" (Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі № 416 Заңы). 

2021 жылғы 15 қазанда "Семей қаласының қан орталығы" ШЖҚ КМК қызметкерлері үшін кәсіпорынның терроризмге қарсы қорғалу деңгейін арттыру мақсатында жоспарлы  іс-шара  өткізілді. Оқыту барысында ҚР ҰҚК Терроризмге қарсы орталығының

"Террористік сипатта қауіп туындаған сәттегі ең алғашқы әрекетті ұйымдастыру" туралы ақпараттық бейне жазба  пайдаланылды.Қан орталығы қызметкерлері террористік акт немесе өзге де құқыққа қайшылық танытатын әрекеттер жасау қаупі туындаған жағдайда шұғыл түрде қолданылатын іс-әрекеттер туралы бекітілген нұсқаулықтармен танысты, өйткені іс-шарада  нұсқаулықтағы ақпаратпен жіті танысқан әр қызметкердің  уақтылы әрі үйлесімді іс-әрекеттері ғана террористік актінің алдын алуға және айналасындағылардың өмірін сақтап қалуға көмектесе алады.

 

E-mail:
kgkpcks@med.mail.kz

Абай облысы, Семей каласы,
Сеченова, 4/3 көшесі
© © 2024 «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Яндекс.Метрика