Донор болу тек құрмет қана емес, сонымен қатар денсаулық үшін өте пайдалы!
Мекен-жайы: Абай обл., Семей қ, Сеченова, 4/3 к.

Семей қаласының қан орталығы иммундық плазма банкі қорын толықтыру үшін донорларды шақырады!

Семей қаласының қан орталығы иммундық плазма банкі қорын толықтыру үшін донорларды шақырады!
Созылмалы аурулармен есепте тұрмайтын 18 жастан асқан адамдар иммундық плазманың донорлары бола алады.
Жіті аурулары бар адамдар (ЖРВИ, ЖРЗ – 1 айға) донорлықтан уақытша шеттетіледі. Сонымен қатар, ішкі процедуралар (татуировкалар, пирсингтер, хирургиялық араласулар, жарақаттар (4 ай ішінде) және т. б бұлар донорлыққа қарсы көрсеткіштер болып саналады.
Алкоголизм, нашақорлық, психикалық аурулары бар адамдарға, сондай-ақ мерез, гепатит, АИТВ, туберкулезге шалдыққан адамдарға донор болуға мүлдем рұқсат етілмейді. Жүктілік және бала емізу кезеңінде (босанғаннан кейін 1 жыл) әйел донорлыққа жіберілмейді.
Донорларлыққа қабылдау донор болуға келген адамның жеке куәлігі болған кезде ғана жүргізіледі.
Семей қаласының қан орталығындағы барлық донорлар медициналық тексеруден және донорлық көрсеткіштерге сәйкестігін анықтау үшін қажетті зерттеулерден өтеді.
Плазманы алу процедурасынан бұрын түнгі ауысымда жұмыс істемеу ұсынылады. Алкогольді, ауырсынуды басатын дәрілерді, салицилаттарды(48 сағат ішінде), антибиотикті (қабылдау аяқталғаннан кейін 2 апта ішінде) қабылдауға тыйым салынады.
Қан тапсыру алдында тамақтану бойынша ұсыныстар:
Плазмаферезден бір күн бұрын майлы тамақты (өсімдік және жануар майы, сүт өнімдері, ысталған ет, жұмыртқа, майшабақ, жаңғақтар, тұқымдар, шұжық өнімдері, пияз, сарымсақ) жеуге болмайды.
Плазмаферез тапсыратын күні жеңіл таңғы аспен атап айтқанда, пісірілген көкөністер, судағы ботқа, тоқаш (печенье), джем, шай, кофе, майсыз қайнатылған ет, балық сияқты тағамдармен шектелу керек.
Сіздерді біздің қан орталығында көруге қуаныштымыз!!!
Анықтама телефоны: 8(7222) 42-15-34
E-mail:
kgkpcks@med.mail.kz

Абай облысы, Семей каласы,
Сеченова, 4/3 көшесі
© © 2024 «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Яндекс.Метрика