Донор болу тек құрмет қана емес, сонымен қатар денсаулық үшін өте пайдалы!
Мекен-жайы: Абай обл., Семей қ, Сеченова, 4/3 к.

Семей қаласының медициналық ұйымдарына осы демалыс күндерінде қан компоненттеріне аса мұқтаж науқастар келіп түскен.

Семей қаласының медициналық ұйымдарына осы демалыс күндерінде қан компоненттеріне аса мұқтаж науқастар келіп түскен. Шұғыл түрде қан құю үшін тромбоциттерді көп мөлшерде дайындау қажет болды. Бөгде жандардың қайғысына бей-жай қарамаған біздің тұрақты донорларымыз: М.Ж. Такеев, О. Б. Тампишев, Е. В. Бычков, Н. Ж. Рамазанов, В. Ф. Шаболда, Ш. Ә. Шынарбек, Д. А. Мусулманқұлов сынды ізетті  жандар қан компоненттерін келіп тапсырды. Мейірімділік пен рақымгершілік танытқандарыңыз үшін Семей қаласының қан орталығы шын көңілден алғыс білдіреді!  Сіздердің немқұрайлылық көрсетпегендеріңіз көптеген өмірлерді сақтайды!  Дендеріңіз сау болып, адамдардың игілігі мен денсаулығы үшін донор болуды әрі қарай жалғастыра берулеріңізді тілейміз!
 

 
E-mail:
kgkpcks@med.mail.kz

Абай облысы, Семей каласы,
Сеченова, 4/3 көшесі
© © 2024 «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Яндекс.Метрика