Донор болу тек құрмет қана емес, сонымен қатар денсаулық үшін өте пайдалы!
Мекен-жайы: Абай обл., Семей қ, Сеченова, 4/3 к.

Тромбоциттер донорлары…

Тромбоциттер донорлары бұл тәуліктің  кез-келген уақытында  әрдайым  біреуді құтқару үшін барлық істерін тастай сала  келетін адамдар! Өйткені, тромбоциттер — бұл қанның ұюында үлкен рөл атқаратын қан жасушалары, яғни қан кетуін тоқтатады. Егер біреуге тромбоциттер қажет болса, онда олар өте шұғыл түрде қажет. Өз ерекшеліктеріне байланысты тромбоциттер ұзақ уақыт  сақталмайды, сондықтан оларды көп уақыт сақтау мүмкін емес. Олар әрдайым белгілі бір пациентке медициналық мекеменің өтініші бойынша дайындалады. Бұл жекелеген қан компоненттерін (аферез) мақсатты алу әдісімен жоғары технологиялық жабдықтың көмегімен жасалады. Бүгін, 2021 жылғы 29 қыркүйекте тромбоциттерді дайындау қажеттілігі туындады. Тромбоциттер донорларына уақытылы және әр қашанда қажетті көмек көрсетуден аянбағандары үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Сіздердің қайырымдылығыңыз мүмкіндігінше  Сіздерге жақсылық, денсаулық  салауатты игіліктермен қайтсын! Ықпалдық танытқандарыңызға рақмет айтамыз!
 



E-mail:
kgkpcks@med.mail.kz

Абай облысы, Семей каласы,
Сеченова, 4/3 көшесі
© © 2024 «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Яндекс.Метрика