Донор болу тек құрмет қана емес, сонымен қатар денсаулық үшін өте пайдалы!
Мекен-жайы: Абай обл., Семей қ, Сеченова, 4/3 к.

"Біздің қызметкерлер-біздің құндылығымыз"айдары.

Бүгін сіздерге Абай облысының ДСБ Облыстық қан орталығының бас мейірбикесі — Егимбаева Бахтыжамал Есімбекқызын таныстырғымыз келеді.
Егимбаева Б.Е. 1986 жылы Семей медициналық училищесін «Фельдшер»мамандығы бойынша бітірген. Оның жалпы жұмыс өтілі-37 жылды соның ішінде қан орталығындағы жұмыс өтілі-23 жылды құрайды.
Б. Е. Егимбаева өзінің еңбек жолын 2000 жылы Семей қаласының қан орталығында қан дайындау бөлімінде операциялық мейірбике болып бастаған. 2005 жылдан 2011 жыл аралығында қан дайындау бөлімінде аға операциялық мейірбике болып жұмыс істеді, 2011 жылдың қаңтарынан бастап Семей қаласының қан орталығының бас мейірбикесі қызметін атқарады.
2010 жылдан бастап жоғары біліктілік санатына ие. Бахтыжамал Есімбекқызы өзінің тәжірибиелік дағдылары мен теориялық білімдерін үнемі жетілдіріп отырады. 2021 жылы «Авиценна» жоғары медициналық колледжінде орта білімнен кейінгі білім туралы диплом алып, «Мейірбике ісінің қолданбалы бакалавры»біліктілігі берілді. 2015 жылдың маусым айында Испанияда орта медициналық қызметкерлердің қан қызметінің менеджменті бойынша оқудан өтіп, "Қан қызметіндегі мейірбикелердің рөлі" сертификатына ие болды.
Қазіргі уақытта Бахтыжамал Есімбекқызы жас медицина қызметкерлеріне тәлімгер болып табылады. Жас мейірбикелерге осы күрделі мамандықтың барлық қыр-сырын үйретуге шын жүректен тырысады.
Осы күнде бас мейірбикенің облыстық қан орталығындағы жұмысында барлығы бірдей біртұтас әрекет етеді. Бас мейірбике қан орталығындағы мейірбике қызметкерлерінің еңбегін ұтымды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, санитарлық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қатаң бақылайды, біздің Облыстық қан орталығындағы қалыптасқан ереженің сақталуын қамтамасыз етеді.
Грамоталары, марапаттары:
— Семей қаласы әкімінің Құрмет грамотасы,
— ҚР ДСМ «Алғыс хат», марапатталған.
E-mail:
kgkpcks@med.mail.kz

Абай облысы, Семей каласы,
Сеченова, 4/3 көшесі
© © 2024 «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Яндекс.Метрика