Донор болу тек құрмет қана емес, сонымен қатар денсаулық үшін өте пайдалы!
Мекен-жайы: Абай обл., Семей қ, Сеченова, 4/3 к.

МЕРЕЙТОЙЫҢЫЗБЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


Осы күндері біздің аға фельдшер-зертханашы-Иштерекова Альфия Камильевна өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өтуде.
Альфия Камильевна Семей қаласында дүниеге келген. 1981 жылы Семей медициналық училищесін «Фельдшер-зертханашы»мамандығы бойынша бітірді. Түлектерді жұмыс орындарына бөлу барысында Семейдегі қан құю станциясына жіберілді, онда клиникалық-биохимиялық зертхана бөлімшесіне фельдшер-зертханашы болып жұмысқа орналасты. Қан қызметіндегі сондай -ақ, жалпы медициналық еңбек өтілі 42 жыл. 2000 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін қан тестілеу бөлімінің аға фельдшер — зертханашысы лауазымын атқарып, өз жұмысын жалғастыруда.
2018 жылдың шілде айында «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін»төсбелгісімен марапатталды.
Осы жұмыс уақытында Альфия Камильевна өзін жауапты, сауатты, ұқыпты маман ретінде көрсетті.
Құрметті Альфия Камильевна, Облыстық қан орталығының барлық ұжымы атынан Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге шын жүректен зор денсаулық, мол бақыт, бай-қуаттылық, көтеріңкі көңіл-күй мен ұзақ ғұмыр тілейміз!
E-mail:
kgkpcks@med.mail.kz

Абай облысы, Семей каласы,
Сеченова, 4/3 көшесі
© © 2024 «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Яндекс.Метрика