Донор болу тек құрмет қана емес, сонымен қатар денсаулық үшін өте пайдалы!
Мекен-жайы: Абай обл., Семей қ, Сеченова, 4/3 к.

ДОНОРДЫҢ ҚАЙТА КЕЛУІ НЕЛІКТЕН МАҢЫЗДЫ?


Донорлардың қан плазмасының вирустық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында карантиндеу әдісі қолданылады. Плазма алынғаннан кейін бірден мұздатылады және донордың қанын қайта тексеруге дейін 4 ай бойы пайдалануға тыйым салынған бөлек бөлмеде -25°С-тан -35°С-қа дейінгі температурада сақталады. Карантинизацияға медициналық мақсаттарға жарамды жаңа мұздатылған плазма жіберіледі.
Донорларды қайта тексеру және тестілеудің теріс нәтижелерін растау карантинделген плазманы инфекциялық қауіпсіз деп санауға мүмкіндік береді. Мұндай плазма пациенттерге құю үшін медициналық ұйымдарға беріледі. Донор тексеруге қайтадан келмеген жағдайда, дайындалған плазманы емдік мақсатта пайдалануға болмайды, ол есептен шығаруға және жоюға жіберіледі.
Сіз ең бірінші кезекте науқастарға жақсылық жасайсыз. Сіздің қан компоненттеріңізді біздің аймақтың емдеу мекемелеріне бере алулары үшін, сіз қандай да бір себептермен 4 айдан кейін жоспарлы қан тапсыру үшін қан орталығына бара алмасаңыз, қан орталығына қан талдамасын жасауға келуіңізді өтініп сұраймыз!
E-mail:
kgkpcks@med.mail.kz

Абай облысы, Семей каласы,
Сеченова, 4/3 көшесі
© © 2024 «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Яндекс.Метрика