Донор болу тек құрмет қана емес, сонымен қатар денсаулық үшін өте пайдалы!

Мекен-жайы: ШҚО, Семей қ, Сеченова, 4 к.

2021 жылдың 29 наурызында Семей қаласының қан орталығымен бірлесе Ресей Федерациясы денсаулық сақтау министрлігінің "Н.И. Пирогов атындағы Ұлттық медико-хирургиялық орталық" Федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесінің дәрігерлерді жетілдіру институтының трансфузиология және қан құю мәселелері кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Сергей Русланович Мадзаевтың қатысуымен бірлесе отырып "Қан компоненттерін құюдың өзекті мәселелері" тақырыбында дөңгелек үстел шеңберінде кездесу өткізілді.
Отырысқа емханалардың бас дәрігерлері, инфекционистер, пульмонологтар, емханалардағы емдеуші дәрігерлер, анестезиолог-реаниматологтар, клиникалық трансфузиологтар қатысты.
Қан компоненттерін құюдың ең өзекті мәселелері, оның ішінде тромбоциттерді құю, иммундық плазманы қолдану, сондай-ақ, екпеге байланысты өзекті мәселелер қаралды.
Дөңгелек үстел "Семей медициналық университеті" КЕАҚ базасында ZOOM платформасы арқылы өткізілді.
Әлбетте, мұндай іс-шаралар баяндамалардың әртүрлілігімен, өткір пікірталастарымен қуантады, трансфузиология, клиникалық зертханалық диагностика саласындағы озық тәжірибе алмасу үшін оңтайлы жағдай жасайды және жаңа білімді игеруге, іскерлік қатынастарды дамытуға ықпал етеді.