Донор болу тек құрмет қана емес, сонымен қатар денсаулық үшін өте пайдалы!
Мекен-жайы: Абай обл., Семей қ, Сеченова, 4/3 к.

2021 жылдың 13 қыркүйегінде "Семей қаласының қан орталығы" ШЖҚ КМК дәрігерлері "BLS техникасы "ағзаның тіршілік әрекетінің негізгі функцияларын қолдау бойынша базалық дағдылар"тәжірибелік дағдыға сертификатты түрде оқытудан өтті.

Әр дәрігердің өмірінде науқасты клиникалық өлім жағдайынан алып шығарудың тәжірибиелік дағдыларын қажет ететін сәт болуы мүмкін. Бізде ол күнделікті кездеспейді, бірақ біз әр сәтте дайын болуымыз керек. Сондықтан, әрбір екі жыл сайын медицина қызметкерлері жүрек-өкпе жансақтау әдісін жүргізу техникасын жаңартып, осы салада жаңа білім алу үшін міндетті оқудан өтіп отырады.
2021 жылдың 13 қыркүйегінде "Семей қаласының қан орталығы" ШЖҚ КМК дәрігерлері "BLS техникасы "ағзаның тіршілік әрекетінің негізгі функцияларын қолдау бойынша базалық дағдылар"тәжірибелік дағдыға сертификатты түрде оқытудан өтті. Оқыту үрдісі "Семей медицина университеті" КЕАҚ симуляциялық технологиялар кафедрасында тәжірибелік дағдыларды пысықтау үшін заманауи тренажерларды қолдану арқылы жүргізілді. Қазақстан Республикасында BLS өткізудің жалпы қабылданған стандарты американдық жүрек аурулары қауымдастығының (AHA) клиникалық ұсынымдары болып табылады.
Біз Alma Mater-ге медицина қағидаттарына негізделген әрдайым білім алу мүмкіндігі үшін алғыс айтамыз!

E-mail:
kgkpcks@med.mail.kz

Абай облысы, Семей каласы,
Сеченова, 4/3 көшесі
© © 2024 «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Яндекс.Метрика