Донор болу тек құрмет қана емес, сонымен қатар денсаулық үшін өте пайдалы!
Мекен-жайы: Абай обл., Семей қ, Сеченова, 4/3 к.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында, бүгін, 2021 жылы 15 желтоқсанда Семей қаласының қан орталығы кәсіпорнында қызмет атқару барысында ерекше құлшыныспен көзге түскен.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында, бүгін, 2021 жылы 15 желтоқсанда Семей қаласының қан орталығы кәсіпорнында қызмет атқару барысында ерекше құлшыныспен көзге түскен, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытуға өз үлестерін қосқан, кәсіпорын жұмысына, сондай-ақ, қоғамдық қызметтерге белсене қатысқан қан орталығының қызметкерлеріне, мемлекеттік және өзге де наградаларды салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.
Салтанатты шара барысында "Халық Алғысы" медалі, "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл" медалі және "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгісі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің "Құрмет грамотасы", Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің "Алғыс хаты", Семей қаласы әкімінің "Құрмет грамоталары", қан орталығының "Құрмет грамоталары" наградалары табыс етілді. Осы айтулы наградалар, қан орталығының келесі қызметкерлеріне:
Қан және қан компоненттерін дайындау бөлімшесінің меңгерушісі -Назигул Амангелдіқызы Ораздановаға, қан тестілеу бөлімшесінің меңгерушісі -Салтанат Алтыбайқызы Абулкасымоваға, донорлық кадрларды жинақтау бөлімшесінің дәрігері- Алиса Валерьевна Юнкерге, Мемлекеттік сатып алу бойынша менеджер- Жібек Рысбекқызы Рамазановаға, іс қағаздарын жүргізуші- Гүлмира Керімқызы Тусуповаға, инфекция диагностикалау зертханасының аға фельдшер-зертханашысы -Лариса Васильевна Кметьке, фармацевт- Гүлнар Токтарханқызы Мусановаға, қан және оның компоненттерін дайындау бөлімшесінің мейірбикесі, бас мейірбике -Бахытжамал Есімбекқызы Егимбаеваларға құрметпен табысталды.
Біз Сіздерді мақтан тұтамыз!!!

E-mail:
kgkpcks@med.mail.kz

Абай облысы, Семей каласы,
Сеченова, 4/3 көшесі
© © 2024 «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Яндекс.Метрика