Донор болу тек құрмет қана емес, сонымен қатар денсаулық үшін өте пайдалы!
Мекен-жайы: Абай обл., Семей қ, Сеченова, 4/3 к.

2021 ж. 8 желтоқсанда Семей қаласының қан орталығы атынан А.М. Токтархан және М.М. Мукуева ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жылдам шахмат ойынының қатысушылары болды.

2021 жылы 8 желтоқсанда "Семей қаласының қан орталығы" қызметкерлері- А.М. Тоқтархан және М. М. Мукуева, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ШҚО денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлері арасында ұйымдастырылған жылдам шахмат бойынша командалық біріншіліктің қатысушылары болды. Іс-шараны «Senim» денсаулық сақтау жүйесі салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігі ШҚО филиалы ұйымдастырды.
Жарыс қорытындысы бойынша М.М. Мукуева жүлделі 10 000 теңгелік сертификат алды, ал А. М. Тоқтархан "Тастай қорғана білгені үшін"номинациялы естелік мүсініне ие болды.
Біздер, өз қызметкерлерімізді мақтан тұтамыз! Жарысқа қатысушылардың әрқайсысына ризашылық білдіріліп, сыйақы ретінде ақшалай сыйлық берілді. Біз, шахматшыларымыздың ары қарай ой-өрістерінің дамуларына тілектеспіз! «Senim» денсаулық сақтау жүйесі салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігі ШҚО филиалына, осы ұйымдастырылған іс-шара үшін, сонымен қатар, осы жарыс рухын сезінуге мүмкіндік бергені үшін алғысымызды білдіреміз!

E-mail:
kgkpcks@med.mail.kz

Абай облысы, Семей каласы,
Сеченова, 4/3 көшесі
© © 2024 «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Яндекс.Метрика