Донор болу тек құрмет қана емес, сонымен қатар денсаулық үшін өте пайдалы!
Мекен-жайы: Абай обл., Семей қ, Сеченова, 4/3 к.

31 наурызда Облыстық қан орталығында ZOOM платформасында онлайн форматта "Клиникалық трансфузиологияның өзекті мәселелері" тақырыбында облыстық конференция өтті.

Конференцияға Абай облысының барлық аудандары мен қалаларының трансфузиолог-дәрігерлері, Абай облысының ДСБ Облыстық қан орталығының дәрігерлері қатысты.
Конференцияда Абай облысының бас трансфузиологы Мұқанова Лаура Қайроллақызы, Абай облысының ДСБ "Облыстық қан орталығы" директорының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары Назигуль Амангелдіқызы Оразданова және Абай облысы ДСБ "Облыстық қан орталығы" ҚКДБ меңгерушісі трансфузиолог-дәрігер Петрий Елена Сергеевна баяндама жасады.
Конференция барысында қатысушылар ҚР ДСМ-нің 2022 жылғы 2 тамыздағы бұйрығымен танысты, 2023 жылғы қаңтар-ақпан айы бойынша Абай облысының МҰ трансфузиялық белсенділікке және донорлық компоненттерді кәдеге жаратуға талдау жүргізілді және Абай облысының МҰ 2022 жылғы қан мен оның компоненттерін клиникалық пайдаланудың сыртқы мониторингінің нәтижелері ұсынылды. Баяндамашылардың баяндамаларынан кейін қатысушылар сұрақтар қойып, сұрақтарына жауаптар алды.
Конференция соңында Абай облысының ДСБ "Облыстық қан орталығының" директоры Айгүл Бекенқызы Альжанова қорытынды сөз сөйледі. Өз сөзінде басшы барлық қатысушылар мен спикерлерге алғысын білдірді.

E-mail:
kgkpcks@med.mail.kz

Абай облысы, Семей каласы,
Сеченова, 4/3 көшесі
© © 2024 «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Яндекс.Метрика