Донор болу тек құрмет қана емес, сонымен қатар денсаулық үшін өте пайдалы!
Мекен-жайы: Абай обл., Семей қ, Сеченова, 4/3 к.

2023 жылғы 27-28 сәуір аралығында Абай облысының трансфузиолог дәрігерлері Астана қаласында өткен "Трансфузиялық терапияның өзекті мәселелері" атты халықаралық қатыстағы XI республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

2023 жылғы 27-28 сәуір аралығында Абай облысының трансфузиолог дәрігерлері Астана қаласында өткен "Трансфузиялық терапияның өзекті мәселелері" атты халықаралық қатыстағы XI республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Конференцияға спикер ретінде Қазақстан, Ресей, Беларусь, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Польша, Әзірбайжан, Дағыстан, Үндістан және Тайландтан келген Трансфузиология саласындағы жетекші мамандар қатысты. Конференция аясында қазіргі заманғы трансфузиологияның ең өзекті мәселелері талқыланды, бағдарлама 4 бөлімнен тұрды:" Қан қызметін ұйымдастыру мәселесі бойынша сұрақтар"," Қан қызметінің өндірістік мәселелері бойынша сұрақтар"," Трансфузиялық медицинадағы зертханалық сұрақтар","Қан компоненттерін клиникалық қолдану". Конференция форматы офлайн және онлайн форматта қатысуға мүмкіндік берді.
Абай облысы ДСБ "Облыстық қан орталығы" ШЖҚ КМК, конференция ұйымдастырушыларын: ҚР ДСМ "Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы" мен "Еуразиялық медициналық қауымдастық" нысанындағы заңды қауымдастық тұлғаларының бірлестігіне осындай маңызды іс-шараға қатысуға және халықаралық ауқымда баға жетпес тәжірибе алуға мүмкіндік бергендері үшін алғыс білдіреді!

E-mail:
kgkpcks@med.mail.kz

Абай облысы, Семей каласы,
Сеченова, 4/3 көшесі
© © 2024 «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Яндекс.Метрика