Донор болу тек құрмет қана емес, сонымен қатар денсаулық үшін өте пайдалы!

Мекен-жайы: ШҚО, Семей қ, Сеченова, 4 к.

ҚАН ТАПСЫРЫП, ӨМІР СЫЙЛА

17.03.2021 жыл.

https://semeytv.kz/kz/online

 

СЕМЕЙДЕ ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫҢ 976 ДОЗАСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ

 

28.10.2020 жыл.

Сайт- https://semeytv.kz/kz/online

 

Семейде иммундық плазма банкі құрылады 

 

23.09.2020 жыл.

Сайт- https://semeytv.kz/kz/online

 

КВИ-мен ауырған адамдарды плазмаға қан тапсыруға шақырады

 

18.09.2020 жыл.

Сайт - https://semeytv.kz/kz/online

 

Семейде коронавирустан айыққан науқастар қан тапсыруда

 

Семейліктер иммунды плазмаға қан тапсыруда белсенді. Мамандар өз еркімен келіп жатқан донорлардың көптігін айтады. Қалалық қан орталығында бүгінде барлық топтағы плазма түрі жеткілікті. Дегенмен, қор əлі де үздіксіз жинақталып жатыр.

Эльмира Қойшыбаева - əскери қызметкер. Коронавирусқа шалдығып, дерттен құлан таза жазылып шыққан. Кеселдің ауырлығын жақсы біледі. Сондықтан науқастанған өзге адамдарға көмек беру үшін иммундық плазма тапсыруға келген.

Эльмира Қойшыбаева, донор:

- Əр адамның өзінің патриоттық сезімі бар. Өз халқына көмек бергісі келеді. Мен де COVID-қа қарсы күреске көмегімді бергім келіп тұр.

Коронавирустан жазылған кез келген адамның иммундық плазмасы жарай бермейді. Дəрігерлер алдын ала сараптама жасап, аурудан айыққан адамның бойында дертке қарсы антиденелер табылған жағдайда ғана алынады. Бүгінге дейін 50-ге тарта семейлік плазма тапсырған. Ерікті түрде келіп жатқандар əлі де көп.

Ботагөз қалибекова, терапевт-дәрігер:

- Халықтың белсенділігі жақсы. Қазір хабарласып жатқан донорлар бар. 

Короновирус дертін емдеуде иммундық плазманы қолдану - еліміз бойынша тəжірибеге енгізілген əдіс. Қазірдің өзінде тəсіл тиімділігін көрсетті. COVID басталғалы дертті жұқтырғандарды плазма құю арқылы емдеуді Шығыс Қазақстан дəрігерлері алғашқылардың бірі болып іске асырған.

Ержан Жақып

26.08.2020

ақпрат: https://qazaqstan.tv/news/130394/

 

Семейліктер иммундық плазма доноры болды

 

 21.07.2020 жыл.

ақпрат: https://semeytv.kz/kz/news/society/semeilikter-immundyk-plazma-donory-boldy