Елдегі тұрақты даму саласындағы міндеттердің бірі – ұлт денсаулығын қамтамасыз ететін механизмдерді енгізу арқылы халықтың орташа өмір сүру ұзақтығын арттыру болып табылады.
Қазіргі жағдайда клиникалық медицинаның одан әрі дамуы денсаулық сақтау жүйесінің профилактикалық бағытына түбегейлі өзгеріссіз денсаулықтың негізгі көрсеткіштерінің жақсаруын қамтамасыз ете алмайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, адамның денсаулығы денсаулық сақтау жүйесінің 10% ғана құрайды ал қалған 50 % - адамның қоршаған ортасының әсерінен қалыптасатын өмір салтына, таңдау құқығына, өмір сапасына және денсаулықты нығайту мүмкіндіктерінің қолжетімділігіне байланысты.
Салауатты өмір салтын ұстану жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау аясында Абай облысы ДСБ "Облыстық қан орталығында" қызметкерлер үшін жүйелі түрде дене шынықтыру жаттығулары жүргізіледі. Қызметкерлер жаттығуларды үлкен ықыласпен орындайды, өйткені шынығу қан айналымын жақсартуға, жұмыс қабілетін ұлғайтуға, зейінді арттыруға, өмірлік күш-қуатын көтеруге және денені қарқынды жұмыс күніне дайындауға көмектеседі.