Донор болу тек құрмет қана емес, сонымен қатар денсаулық үшін өте пайдалы!
Мекен-жайы: Абай обл., Семей қ, Сеченова, 4/3 к.

16 қаңтарда Абай облысы ДСБ “Облыстық қан орталығында” “ Ауыл жастары” жастар қанатының @auyl_partiyasy_abai_oblysy бастамасымен “Мен донормын” атты донорлық науқан өтті.

16 қаңтарда Абай облысы ДСБ “Облыстық қан орталығында” “ Ауыл жастары” жастар қанатының @auyl_partiyasy_abai_oblysy бастамасымен “Мен донормын” атты донорлық науқан өтті. Науқанның мақсаты: донорлық қанға мұқтаж адамдарға көмек көрсету.
Донорлық қан және оның компоненттері өмірлеріне қауіп төнген науқастарды емдеудің таптырмас құралы болып табылады.
Партия мүшелері донорлық акцияға белсенді қатысып, адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін өз қандарын тапсырды. Олардың кейбіреулері Гемопоэтикалық дің жасушалары донорларының тіркеліміне кірді.
Біз “Ауыл жастары” жастар қанатына донорлық науқанды ұйымдастырғандары үшін және өтеусіз донорлықты қолдағандары үшін алғыс айтамыз! Донорлық науқанның барлық қатысушыларына зор денсаулық және жұмыста толағай табыс тілейміз!

E-mail:
kgkpcks@med.mail.kz

Абай облысы, Семей каласы,
Сеченова, 4/3 көшесі
© © 2024 «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Яндекс.Метрика