«Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Меню

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні.

2024 жылғы 4 маусымда Абай облысы ДСБ “Облыстық қан орталығы” ШЖҚ КМК-да бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының әр жыл сайын келетін Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті.
“Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы” Заң 2007 жылғы 4 маусымда қабылданды. Мемлекеттік рәміздер-бұл кез-келген мемлекеттің өзінің жеке даралығын егемендігін білдіретін міндетті атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран- Мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Абай облысы ДСБ “Облыстық қан орталығы” ШЖҚ КМК - Мемлекеттік рәміздерге тиісті тұрғыдан қарауға жауапты тұлға, мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі маман- Э.Т. Тұрсынова қызметкерлерді мемлекеттік рәміздердің тарихымен, олардың мағынасымен, рәміздердің қолданыстағы ережелерімен таныстырды. Тәуелсіздік Рәміздерін құрметтеу әрбір қазақстандықтың парызы болып табылады.
Абай облысы ДСБ “Облыстық қан орталығы” ШЖҚ КМК, отандастарды осы маңызды мерекемен құттықтайды! Бейбітшілік пен өркендей берулеріңізді тілейміз!

Өмірді сақта - қан доноры бол

Сұрақ қою

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3

Директордың қабылдауы:
+7 (7222) 42-37-65
kgkpcks@med.mail.kz

Пациенттерді (донорларды) қолдау және ішкі сараптама қызметі:
8 776 435 17 73
Яндекс.Метрика