Донор болу тек құрмет қана емес, сонымен қатар денсаулық үшін өте пайдалы!
Мекен-жайы: Абай обл., Семей қ, Сеченова, 4/3 к.

2024 жылғы 28 қарашада Абай облысы ДСБ "Облыстық қан орталығы" ШЖҚ КМК-да донорлық акция өтті, оған Абай облысының Әділет департаменті қызметкерлері қатысты.

2024 жылғы 28 қарашада Абай облысы ДСБ «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК-да донорлық акция өтті, оған Абай облысының Әділет департаменті қызметкерлері қатысты.
Олар донорлыққа алғаш рет қатысып отырған жоқ, әлеуметтік жауапкершіліктің үлгісі болып мұқтаж жандарға көмектесуге дайын екендіктерін көрсетуде.
Донорлық қан трансфузияны қажет ететін науқастар үшін, әсіресе төтенше жағдайларда, хирургиялық және онкологиялық бөлімшелерде өте маңызды. Жиналған қанның әр порциясы адамдардың өмірін сақтап қалуы мүмкін.
Донорлық акциялар тек қан қорын жинау үшін ғана қажет емес. Оларға қатысатын адамдар қан тапсыру қаншалықты маңызды екендігінің айқын мысалы болып табылады. Абай облысы ДСБ
«Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК донорлыққа тұрақты қатысқаны үшін Абай облысының Әділет департаменті қызметкерлеріне шын жүректен алғыс білдіреді. Біз Сіздердің қайта келіп әр тамшы қаныңызбен адамдарға жақсылық әкеліп жатқанларыңызға қуаныштымыз! Сіздің жүректеріңіз жасаған игілікті істеріңіз үшін қуанышқа толы болсын! Сіздерге бақыт, амандық және зор денсаулық,ұзақ өмір тілейміз!
E-mail:
kgkpcks@med.mail.kz

Абай облысы, Семей каласы,
Сеченова, 4/3 көшесі
© © 2025 «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Яндекс.Метрика