Донор болу тек құрмет қана емес, сонымен қатар денсаулық үшін өте пайдалы!
Мекен-жайы: Абай обл., Семей қ, Сеченова, 4/3 к.

Алкогольді қабылдау қан донорлығына қандай әсері бар?

Алкогольді қабылдау қан донорлығына қандай әсері бар?
Неліктен алкогольді ішімдік ішкеннен кейін 48 сағат (2 тәулік) бойы донорларға қан тапсыруға рұқсат берілмейді?
Алкогольді ішімдіктер этанолды – психоактивті және токсинді затты қамтиды, ол тәуелділік тудыруы мүмкін. Спирт ішімдігін қабылдағаннан кейін ол ас қорыту жолында тез сіңіп, ағзаға таралады.
«Қан өнімдерін медициналық мақсатта дайындау кезінде донорларды медициналық тексеру, қауіпсіздік және сапа талаптарын бекіту туралы»Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі № КР ДСМ-113/2020 бұйрығына сәйкес, алкогольді ішкеннен кейін 48 сағат бойы донорлықтан медициналық тұрғыдан шектеу енгізілген. Бұл бірнеше маңызды факторларға негізделген:
Алкогольдің ыдырау өнімдері қанда жиналады, бұл қанның құрамына теріс әсер етіп, оны реципиентке беруге қауіп төндіреді.
Қанның құрамында алкаголь болуы бауырдың жұмысын бұзып, бұл өз кезегінде қан анализінің нәтижелеріне әсер етуі мүмкін.
Алкоголь танымал канцероген болып табылады. Спирт ішімдіктерінің әсерінен 48 сағат бойы ағзаға қосымша жүктеме түседі, бұл компенсаторлық мүмкіндіктерді төмендетеді және организмнің әлсіреуіне әкеледі.
Абай облысы ДСБ “Облыстық қан орталығы” ШЖҚ КМК ұсыныс ретінде — салауатты сау өмір салтын ұстанып, қан тапсырудан 48 сағат бұрын алкогольді ішімдіктерді ішпеуге кеңес береді. Өйткені, науқастарды емдеуге тек сау және сапалы қан қажет!
#облыстыққанорталығыабайоблысы
#қандонорлығы
E-mail:
kgkpcks@med.mail.kz

Абай облысы, Семей каласы,
Сеченова, 4/3 көшесі
© © 2025 «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Яндекс.Метрика