Бүгін «Біздің донорлар» айдарында қан және қан компоненттерінің тұрақты доноры -Бордадымов Валерий Викторович туралы айтамыз. Ол күні бүгінге дейін 29 мәрте қан тапсырған.
Валерий Викторович алғаш рет 21 жыл бұрын әкесінің жолын қуып, қан доноры болуды шешті, себебі әкесіде қан доноры болған. Содан бері Валерий Викторович бұл игі істі жалғастырып, үнемі біздің қан орталығымызға келіп, қанға мұқтаж жандарға көмегін көрсетіп келеді. Донорлықтағы мұндай тәжірибе сөзсіз адалдықтың, гуманизмнің және шынайы игі істің үлгісі болып табылады. Әрбір тамшы қанның ем алып жатқан науқастар үшін өмірлік маңызы бар екенін түсіну, Валерий Викторовичті үнемі қан тапсыртуға жігерлендіреді.
Абай облысы ДСБ Облыстық қан орталығы, Валерий Викторовичтің өмірлік тарихы басқа адамдарды да донорлықтың игі миссиясына қосылуға ынталандырады деп үміттенеді.
Сізге үлкен рақмет, Валерий Викторович! Біз сіз сияқты донорлармен мақтанамыз және сіздің мәрттігіңіз бен жауапкершілігіңіз үшін алғыс айтамыз.