«Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Меню

25 желтоқсан 2024 жылы Абай облысы ДСБ «Областық қан орталығы» ШЖҚ КМК-да донорлық акция өтті.

25 желтоқсан 2024 жылы Абай облысы ДСБ «Областық қан орталығы» ШЖҚ КМК-да ҚР ІСМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің “№19 мекеме” РММ қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырылған донорлық акция өтті.
Акция жаңа жылдық мерекелер қарсаңына орай ұйымдастырылды. Қан орталығы донорларды қуана-қуана қарсы алып, оларға ең қолайлы жағдайлар жасады.
Абай облысы ДСБ «Областық қан орталығы» ШЖҚ КМК, донорлық акцияларға алғаш рет қатысып отырмаған ҚР ІСМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің “№19 мекеме” РММ қызметкерлеріне ерекше алғыс білдіреді. Адам өмірін құтқаруға қосқан үлестеріңіз үшін рақмет!
Құрметті донорлар! Сіздерге бақыт, денсаулық, табыс және амандық тілейміз! Сіздердің маңызды әрі адал істеріңіз адамдарды жақсылық жасауға шабыттандырады. Әрбір сау адам басқа біреудің өмірін құтқаруға ерекше мүмкіндікке ие, ал қан донорлығына қатысу — бұл көптеген адамдарға әлеуметтік жауапкершіліктің жарқын үлгісі болып табылады.
Абай облысы ДСБ «Областық қан орталығы» ШЖҚ КМК, баршаңызды қан донорлығына шақырады! Сіздер де өмірге үміт сыйлай аласыздар!

Өмірді сақта - қан доноры бол

Сұрақ қою

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3

Директордың қабылдауы:
+7 (7222) 42-37-65
kgkpcks@med.mail.kz

Пациенттерді (донорларды) қолдау және ішкі сараптама қызметі:
8 776 435 17 73
Яндекс.Метрика