«Біздің қызметкерлер» айдарында бүгін Абай облысы ДСБ «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК-ның сапа бақылау бөлімінің фельдшер-зертханашысы Нығызбаева Гүлнар Қайсақызы туралы айтамыз.
Осы шығарылым арқылы біз Гүлнар Қайсақызын лайықты демалысқа шығарып салып, оның еңбек жолында көрсеткен адалдығы, кәсібилігі мен өз ісіне деген қайсарлығы үшін алғыс білдіргіміз келеді. Гүлнар Қайсақызы медицина саласына 41 жылын арнап, оның 9 жыл 6 айында қан орталығында адал еңбек атқарды.
Құрметті Гүлнар Қайсақызы! Зейнетке шығуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл- өмірдегі маңызды әрі ерекше кезең және қан орталығында өткізген жылдарыңыз үшін СІзге шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздің қызметіңізге деген адалдығыңыз – адам өмірін сақтаудағы бағаланбайтын үлес.
Сіз тек керемет фельдшер зертханашы ғана емес, сондай-ақ әріптестеріңіз үшін шынайы дос және қомқоршы бола білдіңіз. Өміріңіз тек қуанышқа, жаңа қызығушылықтармен жарқын әсерлерге толы болсын. Сізге денсаулық, бақыт және жақындарыңыздың жанында жағымды сәттерді өткізуіңізді тілейміз. Сіз біздің жүрегімізде мәңгілікке қаласыз.
Ізгі тілекпен, Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК ұжымы.