Донор болу тек құрмет қана емес, сонымен қатар денсаулық үшін өте пайдалы!
Мекен-жайы: Абай обл., Семей қ, Сеченова, 4/3 к.

“Мен қан донорымын” айдары.

“Мен қан донорымын” айдары.
Мадиянов Нұрғалым Құсанұлы — тұрақты қан доноры, кең жүректі, асыл жанды адам. Ол алғаш рет 1999 жылы келініне қан құю қажет болғандықтан қан тапсырған. Сол кезден бастап, донорлық миссияның маңыздылығы мен қажеттілігін түсінген ол әр 2-3 айда бір рет қан тапсырып келеді. Бүгінгі таңда Нұрғалым Құсанұлының қан тапсыру саны 56-ға жетті!
2023 жылы, ерікті және өтеусіз донорлыққа көпжылдық белсенді қатысқаны үшін Нұрғалым Құсанұлы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылыми-өндірістік трансфузиология орталығының алғыс хатымен марапатталған.
Нұрғалым Құсанұлы, Абай облысы ДСБ «Облыстық қан орталығы» сізге адам өмірін құтқаруға қосқан өлшеусіз үлесіңіз үшін шын жүректен үлкен алғысын білдіреді. Сіздің басқаларға көмектесуге дайын болуыңыз, мейірімділігіңіз бен басқалар үшін аянбай қан беруіңіз барлық қан донорлары үшін жарқын үлгі болып табылады. Сіздің қайсарлығыңыз шынымен де шабыттандырады! Сізге шексіз бақыт, мықты денсаулық, істеріңізде табыс және амандық тілейміз!
Әр күніңіз қуанышқа толы болсын!
E-mail:
kgkpcks@med.mail.kz

Абай облысы, Семей каласы,
Сеченова, 4/3 көшесі
© © 2025 «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Яндекс.Метрика