«Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Меню

2025 жылғы 7 наурызда Абай облысы ДСБ "Облыстық қан орталығы" ШЖҚ КМК-да Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған "Леди-донор" донорлық акциясы өтті.

Акцияға адам өмірін сақтап қалудың игі ісіне өз үлесін қосқысы келетін барлық донорлар қатысты. Бұл күні әйелдер қауымы ерекше атап өтілді: оларды халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, сыйлықтар табыс етілді.
Акция барысында қан орталығының дәрігерлері қан тапсыру рәсімімен қан тапсыруға дайындық туралы түсіндірме әңгімелер өткізді. Барлық ниет білдірушілер сұрақтар қойып, толық жауаптар ала алды.
Іс-шара халық арасында ерікті өтеусіз донорлықты насихаттауға және Абай облысының медициналық ұйымдарын қан компоненттерімен қамтамасыз етуге ықпал етті.
Абай облысы ДСБ «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК, донорлық акцияның барлық қатысушыларына мейірімділік пен игі істері үшін алғыс білдіреді!
Біз барлық әйелдерді — әйел сұлулығы мен күшіне толыққан «Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен құттықтаймыз. Жақындарыңыз, әріптестеріңіз және достарыңыз үшін шабыт пен қолдау көзі болып қала беріңіздер. Сіздердің өмірлеріңізде әрқашан махаббат пен жылулыққа орын табылсын. Сіздерге денсаулық, бақыт және жаңа белестерге жетуді тілейміз.
Мереке құтты болсын, қымбатты әйелдер қауымы!

 

 

 

 

 

 

Өмірді сақта - қан доноры бол

Сұрақ қою

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3

Директордың қабылдауы:
+7 (7222) 42-37-65
kgkpcks@med.mail.kz

Пациенттерді (донорларды) қолдау және ішкі сараптама қызметі:
8 776 435 17 73
Яндекс.Метрика