Донация алдында донордың ұйқысының қануы қаншалықты маңызды?
Донация алдында донордың ұйқысы толық болуы тиіс (7-8 сағат).
Ұйқы неге әсер етеді? Неліктен ұйықтамай қан донациясына бармаған жөн?
Ұйықтаған кезде, ағза демалып, қалпына келеді. Бұл кезде көптеген маңызды процестер жүреді. Мысалы, гормондардың синтезі, жасушалардың жаңаруы мен регенерациясы, зат алмасудың реттелуі.
Ұйқының жетіспеушілігі иммундық жүйенің қалыпты жұмысын бұзуға әкелуі мүмкін, бұл ағзада қабыну процестерінің пайда болу қаупін арттырады және әртүрлі аурулардың дамуына әкелуі мүмкін.
Шейн О'Мара, Дублиннің Тринити колледжінің миды зерттеу бойынша эксперименттік бөлімінің профессоры, бір күн ішінде мида токсинді заттар жиналып, ұйқы кезінде шығарылатынын хабарлады.
Ұйқының жетіспеушілігі стресстің деңгейін арттырып, ағзаның жалпы жағдайының нашарлауына әкелуі мүмкін.
Сондықтан қан донациясына барудан бұрын жақсылап ұйықтап, өзіңізді жақсы сезініңіз!