Рябчун Сергей Сергеевич – қан мен оның компоненттерінің тұрақты доноры. Ол алғаш рет 2020 жылы, әріптесінің әкесіне шұғыл түрде қан қажет болған кезде қан тапсырған. Бұл оқиға Сергей Сергеевичтің өмірінде бетбұрыс сәтіне айналды: сол сәттен бастап ол донорлықтың қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін түсініп, жүрек қалауымен үнемі қан тапсырып келеді. 2020 жылдан бері ол 25 рет донация жасап, толық қан, тромбоциттер, сондай-ақ бұрын плазма да тапсырған.
2025 жылдың қаңтар айында Сергей Сергеевич Сүйек кемігі донорларының ұлттық тіркеліміне енді. Енді ол өмір сыйлай алатын өзінің «генетикалық егізін» үмітпен күтуде.
Сергей Сергеевич – мейірімді, жауапты әрі белсенді жан. Ол Абай облыстық қан орталығына әрдайым қуана келеді, қан қажет болғанда әрдайым көмекке келуге дайын.
Абай облысы ДСБ “Облыстық қан орталығы” ШЖҚ КМК, Сергей Сергеевич, Сізге адам өмірін құтқару жолындағы баға жетпес үлесіңіз үшін шын жүректен алғыс білдіреді. Біз Сіздей жас, белсенді және бейжай қарамайтын донордың бар екеніне шын жүректен қуаныштымыз! Сізге зор денсаулық, мол бақыт, амандық пен барлық істеріңізде сәттілік тілейміз!
Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3