«Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Меню

Күз және көктем мезгілдерінде суық тию ауруларының саны айтарлықтай арта түседі.

Сол себепті көптеген адамдарды қызықтыратын сұрақтар: мұрын бітелуі, жөтел немесе тамақ ауруы кезінде қан тапсыруға бола ма?
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің «Қан донорларын медициналық куәландыру, қан өнімдерін медициналық мақсатта өндіру қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» № КР ДСМ-113/2020 бұйрығына сәйкес, тұмау, жіті респираторлық вирустық инфекция және ангина донорлыққа уақытша қарсы көрсеткіштер болып табылады.
Донорлықтан уақытша шеттету мерзімдері:
• Тұмау, жіті респираторлық вирустық инфекция — толық сауыққаннан бастап 14 күн;
• Ангинадан кейін — сауыққаннан бастап 1 ай;
• Антибиотиктерді қабылдау кезінде — емдеу курсы аяқталғанан кейін 14 күн.
Егер өзіңізді жайсыз сезінсеңіз — мұрын бітелуі, жөтел, тамақ ауруы болса — толық сауығып кеткенге дейін қан тапсырудан аулақ болыңыз.
Өздеріңізді күтіңіздер және денсаулықтарыңызды сақтаңыздар!

Өмірді сақта - қан доноры бол

Сұрақ қою

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3

Директордың қабылдауы:
+7 (7222) 42-37-65
kgkpcks@med.mail.kz

Пациенттерді (донорларды) қолдау және ішкі сараптама қызметі:
8 776 435 17 73
Яндекс.Метрика