«Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Меню

«Мен – тромбоциттер донорымын» айдарының бүгінгі кейіпкері – Айтимов Дархан Нұрсайынұлы.

Дархан Нұрсайынұлы өзінің донорлық жолын 2023 жылы алғаш рет қан тромбоцитін тапсырумен бастады.
Содан бері ол тұрақты түрде ең қымбат — қанымен бөлісіп, тромбоцитке мұқтаж науқастарға үнемі көмек көрсетіп келеді.
Оның еншісінде 18 донация бар, соның ішінде 15-і — аппараттық тромбоцитаферез және 3-і — толық қан донациясы.
2024 жылдың қаңтар айында Дархан Нурсайынұлы сүйек кемігі донорларының Ұлттық Тіркеліміне кіріп, егерде генетикалық егізі табылып қалса көмек көрсетуге дайын екенін көрсетті.
Дархан Нұрсайынұлы – үлкен жауапкершілік иесі, жүрегі кең, басқалардың қайғысына бейжай қарамайтын жан. Ол әрқашан көмек қажет болған сәтте қол ұшын созуға дайын.
Абай облысы ДСБ «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК Сізге, Дархан Нұрсайынұлы, адам өмірін сақтауға қосқан баға жетпес үлесіңіз үшін шын жүректен алғыс білдіреді.
Сіздің мейіріміңіз, ерлігіңіз бен жанашырлығыңыз – көптеген адамдарға үлгі боларлықтай.
Сізге зор денсаулық, амандық тілейміз және өмір жолыңыз әрдайым жарық, жақсылық пен қуанышқа толы болсын!

Өмірді сақта - қан доноры бол

Сұрақ қою

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3

Директордың қабылдауы:
+7 (7222) 42-37-65
kgkpcks@med.mail.kz

Пациенттерді (донорларды) қолдау және ішкі сараптама қызметі:
8 776 435 17 73
Яндекс.Метрика