Алма Нұрбекқызы медициналық білімді Д.Қалматаев атындағы Мемлекеттік жоғары медициналық колледжде алған. 2007 жылы аталған оқу орнын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдап, диплом иегері атанды.
2009 жылы Алма Нұрбекқызы «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтіп, сол жылы Семей қаласының Қан орталығына функционалдық қамтамасыз ету бөліміне мейіргер ретінде жұмысқа орналасты. Бүгінде оның еңбек өтілі 16 жылды құрайды.
Алма Нұрбекқызы — жоғары санатты мейіргер. Көп жылдар бойы өзіне жүктелген қызметтік міндеттерін адал және жауапкершілікпен атқарып келеді. Ол өз ісіне тиянақты, ұқыпты және кәсіби маман ретінде танылған.
Медицина саласындағы кәсіби шеберлігінің, еңбекке деген жауапкершілігі мен адалдығының арқасында функционалдық қамтамасыз ету бөлімінің тиімді жұмысына үлкен үлес қосуда. Алма Нұрбекқызы үнемі біліктілігін арттырып, семинарлар мен вебинарларға қатысады, бұл оған денсаулық сақтау саласындағы заманауи әдістер мен технологиялардан хабардар болуға мүмкіндік береді.
Қан орталығының ұжымы Алма Нұрбекқызын ашық-жарқын мінезі, сабырлылығы және ұжыммен бірлесе әрекет ету қабілеті үшін ерекше бағалайды. Оның кәсіпорынға қосқан үлесі — баға жетпес.
Алма Нұрбекқызы, Абай облысы ДСБ «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК көп жылдық адал еңбегіңіз, кәсібилігіңіз және өз ісіңізге деген адалдығыңыз үшін Сізге алғыс білдіреді! Сізге зор денсаулық, табыс және кәсіби жолыңызда жаңа жетістіктер тілейміз!
Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3