«Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Меню

«Мен – қан донорымын» айдарының бүгінгі кейіпкері.

«Мен – қан донорымын» айдарының бүгінгі кейіпкері – тұрақты донор Юлия Олеговна Алаудинова. Ол алғаш рет 2013 жылы қан тапсырып, содан бері бұл игі істі белсене жалғастырып келеді. Бүгінгі күнге дейін Юлия Олеговна 27 рет қан доноры болған: 26 рет толық қан тапсырып, 1 рет аппараттық тромбоцитаферез процедурасын өткізген.
Қан мен оның компоненттерін тапсырудан бөлек, Юлия Олеговна Сүйек кемігі донорларының Ұлттық тізіліміне қосылып, адамдарға көмек көрсетуге деген ұмтылысын көрсете білді.
Абай облысы ДСБ "Облыстық қан орталығы" ШЖҚ КМК, Юлия Олеговнаға донорлыққа деген адалдығы үшін шын жүректен алғыс білдіреді. Қан тапсырып, сүйек кемігі доноры бола отырып, Сіз көптеген адамдардың өмірін сақтап, сауығуға үміт сыйлайсыз.
Біз Сізге жомарттығыңыз, батылдығыңыз және өзіңіздің бір бөлшегіңізбен басқалармен бөлісуге дайын әр кез дайын болғаныңыз үшін шын жүректен алғыс білдіреміз.
Юлия Олеговна, Сізге зор денсаулық, бақыт және амандық тілейміз! Әр күніңіз қуаныш пен көңілді күйге толы болсын, басқаларға көмектесуге деген қуатыңыз бен ниетіңіз ешқашан таусылмасын. Донорлық жолындағы әрбір жаңа қадамыңыз тек жағымды көңіл-күй әкелсін. Сіздің кеңшілігіңіз бен адамгершілігіңіз үшін рақмет!
#менқандонорымын
#РахметДонор
#АбайОблыстықҚанОрталығы
#айдар

Өмірді сақта - қан доноры бол

Сұрақ қою

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3

Директордың қабылдауы:
+7 (7222) 42-37-65
kgkpcks@med.mail.kz

Пациенттерді (донорларды) қолдау және ішкі сараптама қызметі:
8 776 435 17 73
Яндекс.Метрика