«Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Меню

«Мен тромбоцит донорымын» айдары.

Бүгінгі айдарымыздың кейіпкері — Жанарбеков Санат Жанарбекұлы, тұрақты донор, кең жүректі және өзгелерге шынайы көмектесуге ұмтылатын жан.

Санат Жанарбекұлы донорлық жолын 2010 жылы бастаған, содан бері өзгенің қиын жағдайына бей-жай қарамау оның өмірлік ұстанымына айналды. Оның басты мотивациясы — қан құюға аса мұқтаж жандардың өмірін сақтап қалу. Әр донациядан кейін өзін тамаша сезінетінін және бұл үрдістің оған үйреншікті әрі маңызды іске айналғанын айтады.

2023 жылдан бастап Санат Жанарбекұлы - онкогематологиялық науқастар мен ауыр операциялардан кейінгі адамдарға аса қажет қан компоненті болып табылатын тромбоциттерді тұрақты түрде тапсырады. Бүгінгі күнге дейін ол 31 мәрте қан доноры болды, оның ішінде: 19 рет толық қан тапсырды және 12 рет аппараттық тромбоцитаферез процедурасынан өтті.

Санат Жанарбекұлы — Абай облыстық қан орталығының ең жанашыр және сенімді донорларының бірі. Ол әрдайым шұғыл көмек қажет болғанда, әсіресе ұзақ сақтауға келмейтін және жиі шұғыл қажет болатын тромбоциттерге деген қажеттілік болғанда әркез көмекке келеді.

Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК, Санат Жанарбекұлына оның қайырымдылығы, жанашырлығы және қан донорлығына белсене қатысқаны үшін шын жүректен алғысын білдіреді. Жақсылықтарыңыз еселеніп қайтсын, денсаулығыңыз мықты, күш-қуатыңыз сарқылмас, шабыт пен жігеріңіз әрдайым мол болсын!

Өмірлерді сақтап қалуға көмектескеніңіз үшін рахмет!
#МенТромбоцитДонорымын #ҚанДоноры #ОблыстықҚанОрталығы #АбайОблысыныңҚанОрталығы #БатырларАрамызда

Өмірді сақта - қан доноры бол

Сұрақ қою

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3

Директордың қабылдауы:
+7 (7222) 42-37-65
kgkpcks@med.mail.kz

Пациенттерді (донорларды) қолдау және ішкі сараптама қызметі:
8 776 435 17 73
Яндекс.Метрика