«Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Меню

Абай облысы ДСБ «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК -да «Біздің қызметкерлер» айдары.

Бүгінгі айдарымыздың кейіпкері — Өнім жөнелту тобының мейіргері Шурукбаева Алия Бауыржанқызы.
Алия Бауыржанқызы медицина саласындағы еңбек жолын 2014 жылы Д. Қалматаев атындағы Мемлекеттік жоғары медициналық колледжін «Мейіргерлік іс» мамандығы бойынша бітіргеннен кейін бастады. Ең алғашқы жұмыс орны — Семей қаласындағы №4 емхана болды, онда ол учаскелік мейіргер болып қызмет атқарды.
Қазіргі таңда Алия Бауыржанқызының медицина саласындағы жалпы еңбек өтілі — 11 жыл, оның 8 жылы — Қан орталығында атқарған еңбегімен байланысты. Ол бұл мекемеге 2017 жылы қан мен оның компоненттерін дайындау бөлімінің мейіргері ретінде жұмысқа қабылданды. 2024 жылдан бастап өнім жөнелту тобының мейіргері лауазымын атқарып келеді.
Кәсіби қызметі барысында Алия Бауыржанқызы өз ісіне жауапты, ұқыпты әрі білікті маман ретінде танылды. Ол мейіргерлік істің барлық қажетті білімдеріне ие және оларды тәжірибеде тиімді қолдана біледі.
Жоғары санатты мейіргер ретінде ол үнемі кәсіби деңгейін көтеріп отырады. 2023 жылы Алия Бауыржанқызы «Семей медицина университетінің» бакалавриат бағдарламасы бойынша «Мейіргер ісі» мамандығын сәтті аяқтап, диплом алды.
Кәсіби адалдығы мен жоғары біліктілігі үшін ол бірнеше рет алғыс хаттармен және құрмет грамоталарымен марапатталған.
Алия Бауыржанқызы, Абай облысы ДСБ «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК, мамандығыңызға деген адалдығыңыз бен мекеме жұмысына белсенді араласқаныңыз үшін шынайы алғысын білдіреді. Сізге зор табыс, мықты денсаулық пен амандық тілейміз!
#БіздіңҚызметкерлер#АбайОблысыҚанОрталығы

Өмірді сақта - қан доноры бол

Сұрақ қою

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3

Директордың қабылдауы:
+7 (7222) 42-37-65
kgkpcks@med.mail.kz

Пациенттерді (донорларды) қолдау және ішкі сараптама қызметі:
8 776 435 17 73
Яндекс.Метрика