Шоканова Ажар Ильясовна – Абай облыстық қан орталығының тұрақты әрі жауапты доноры. Донорлық жолын ол 1998 жылы, жақын адамына шұғыл түрде қан қажет болған кезде бастаған. Бұл оқиға оның ұзақ жылдарға созылған донорлық миссиясының бастамасы болды.
2023 жылдан бастап Ажар Ильясовна аппараттық тромбоцитаферез әдісімен тромбоциттерді тұрақты түрде тапсырып келеді. Бүгінгі күнге дейін ол 24 рет қан донациясын жасаған, оның 14-і – толық қан, ал 10-ы – тромбоциттер тапсырған. Ажар Ильясовна пациенттерге шұғыл түрде қан компоненттері қажет болғанда ешқашан бейжай қалған емес.
«Әр процедурадан кейін өзімді жақсы сезінемін. Қан орталығының барлық қызметкерлеріне алғысым шексіз – бәрі сыпайы, ілтипатты. Маған бәрі ұнайды», – дейді Ажар Ильясовна.
Абай облысы ДСБ «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК, Ажар Ильясовнаға донорлық қозғалысқа деген көпжылдық адалдығы үшін сондай-ақ көмектесуге әрдайым дайын болғаны үшін шын жүректен алғыс білдіреді.
Сізге мықты денсаулық, отбасылық амандық, және барлық жақсылықтарды тілейміз!
Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3