«Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Меню

«Мен — тромбоцит донорымын» айдары

Бүгінгі айдарымыз Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасы «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК-ның тұрақты доноры — Константин Николаевич Шайдулинге арналады.

Донор болған уақыт ішінде Константин Николаевич жалпы 26 мәрте қан тапсырды: оның ішінде 9 мәрте толық қан, 17 мәрте аппараттық тромбоцитаферез рәсіміне қатысты.

Тромбоциттер жедел және ауыр ауруларды емдеу барысында реципиенттер үшін өмірлік маңызы өте зор. Аппараттық тромбоцитаферез тапсыру донордан көбірек уақыт пен төзімділікті талап етеді. Дәл Константин Николаевич секілді жандар өмір үшін күресіп жатқан науқастарға сенімді «қорғаныш» болып отыр.

Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасы «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК, Константин Николаевичке қан донорлығы ісіне қосқан өтеусіз әрі ерікті үлесі үшін шынайы алғысын білдіреді. Сіздің азаматтық ұстанымыңыз — құтқарылған өмірлерге негізделген нағыз адалдықтың жарқын үлгісі.

Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, амандық және сарқылмас күш-қайрат тілейміз!

Рақмет Сізге, донор!

#АбайОблысыныңҚанОрталығы #МенТромбоцитДонорымын #Семей #ҚазақстанДонорлығы #РахметДонор

Өмірді сақта - қан доноры бол

Сұрақ қою

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3

Директордың қабылдауы:
+7 (7222) 42-37-65
kgkpcks@med.mail.kz

Пациенттерді (донорларды) қолдау және ішкі сараптама қызметі:
8 776 435 17 73
Яндекс.Метрика