«Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Меню

«Мен — қан донорымын» айдары:

Бүгінгі рубрикада өмірлерді құтқаруға бірнеше мәрте қол ұшын созған, жүрегі мейірімге толы жан — Украинченко Алесия Федоровна .

Алесия Федоровнаның есебінде бүгінде 20 қан донациясы бар. Қан донорлығы — бұл үнсіз батылдық: ол үшін ерекше қабілеттер қажет емес, тек мейірімді, кең жүрек болса болғаны. Қазіргі таңда қанды толық алмастыратын қанның баламасы жоқ, ал оның жалғыз көзі — адам . Әрбір қан донациясы операциялар кезінде, жарақат алған сәттерде немесе ауыр дертке шалдыққан науқастарға нақты негізде көмек көрсетеді.

Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасы «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК Алесия Федоровнаға донорлықтың асыл ісіне қосқан елеулі үлесі үшін шын жүректен алғыс білдіреді. Тұрақты донор болу — бұл жауапкершілік, тәртіптілік және жоғары адамгершіліктің көрінісі.

Құрметті Алесия Федоровна! Сізге зор денсаулық, таусылмас күш-қуат, амандық және әрдайым көтеріңкі көңіл күй тілейміз!

Рақмет, донор!

#АбайОблысыныңҚанОрталығы #МенДонормын #ҚанДонорлығы #БатырларБіздіңАрамызда #СемейҚанОрталығы #ҚұтқарылғанӨмірлер #РахметДонор

Өмірді сақта - қан доноры бол

Сұрақ қою

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3

Директордың қабылдауы:
+7 (7222) 42-37-65
kgkpcks@med.mail.kz

Пациенттерді (донорларды) қолдау және ішкі сараптама қызметі:
8 776 435 17 73
Яндекс.Метрика