«Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Меню

Тромбоциттер


Тромбоциттер-қанның ұю процесіне қатысатын қан жасушалары.
Кейбір аурулар мен кейбір жағдайларда тромбоциттер саны азаяды, бұл қанның қорғаныс функциясының бұзылуына әкеліп соғады. Бұл жағдайларда тромбоциттерді құю көмектеседі.Донордың қанынан тромбоциттерді алу процедурасы тромбоцитаферез деп аталады.
Тромбоцитоферез процедурасы донорды аппаратқа қосуды, қан алуды, тромбоциттерді сүзуді, эритроциттер мен плазманы донорға қайта қайтаруды қамтиды. Процедура шамамен 40 минуттан 1.5 сағатқа дейін созылады. Тромбоциттер деңгейінің қалпына келу мерзімі шамамен 2 аптаны құрайды.
Тромбоциттердің сақталу мерзімі қан дайындау әдісіне қарай 5-7 күннен аспау керек, сондықтан олар вирусты инактивациялаудан кейін және тестілеуден өткен соң дереу ауруханаларға жіберіледі.

Өмірді сақта - қан доноры бол

Сұрақ қою

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3

Директордың қабылдауы:
+7 (7222) 42-37-65
kgkpcks@med.mail.kz

Пациенттерді (донорларды) қолдау және ішкі сараптама қызметі:
8 776 435 17 73
Яндекс.Метрика