«Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Меню

Құрметті донорлар, Қан орталығына келген сайын барлық донорлардан -аланинаминотрансфераза (АЛТ) көрсеткішін тексереді.

Құрметті донорлар, Қан орталығына келген сайын барлық донорлардан -аланинаминотрансфераза (АЛТ) көрсеткішін тексереді. Соған (АЛТ) байланысты жасушаларда биохимиялық процестер жүреді және бауырда, бүйректе, бұлшықеттерде, басқа да көптеген ағзаларда шоғырланғандығы иммундық жүйені нығайтуға, ағзаны қажетті энергиямен қамтамасыз етуге көмектеседі.
AЛТ мөлшерінің артуы медициналық тұрғыда донорлықтан шеттетудің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Донор үшін рұқсат етілген норма 52 Ед/л-ден аспайтын көрсеткіш болу керек. АЛТ мөлшерінің жоғарылауына байланысты донорлықтан шеттету 1 ай мерзімін құрайды.
Аланинаминотрансфераза деңгейінің жоғарылау себептері:
Бірқатар дәрілік немесе шөптік препараттарды қабылдау — барбитураттар, статиндер, антибиотиктер;
фаст-фуд, майлы, қуырылған, ащы тағамдар, сүт өнімдерін жеу;
бұлшықеттің зақымдануы;
алкоголь, газдалған және энергетикалық сусындарды ішу;
эмоционалды немесе физикалық белсенділіктің артуы;
стеатоз – бауырдың жанында май жасушаларының жиналуынан болатын ауру, артық салмағы бар адамдарда жиі кездеседі;
гепатит.
Тамақтану бойынша нұсқаулықтарды орындаса, АЛТ бір айда қалыпты мөлшерге келеді. Егер АЛТ диета ұстағаннан кейінде жоғары болып қалса, донорға тұрғылықты жері бойынша емханада тексеруден өту ұсынылады.
 

Өмірді сақта - қан доноры бол

Сұрақ қою

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3

Директордың қабылдауы:
+7 (7222) 42-37-65
kgkpcks@med.mail.kz

Пациенттерді (донорларды) қолдау және ішкі сараптама қызметі:
8 776 435 17 73
Яндекс.Метрика