«Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Меню

#Біздің_қызметкерлер_ біздің_құндылығымыз айдары


2015 жылдан бастап Дүниежүзілік сүйек кемігі донорлары қауымдастығының бастамасымен қыркүйектің үшінші сенбісінде Дүниежүзілік сүйек кемігі күні атап өтіледі. Оның басты міндеті — сүйек кемігін ауыстыру (трансплантациялау) маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру және әлеуетті донорлар арасында ғана емес, сонымен қатар денсаулық сақтау қызметкерлері, билік өкілдері және сүйек кемігі донорлығының дамуына елеулі үлес қоса алатын басқада адамдар арасында сүйек кемігі донорларының тіркелімін құру.
Жыл сайын Абай облысы ДСБ «Облыстық қан орталығы» сүйек кемігі донорларының тіркеліміне кіргісі келетін донорларды қабылдауды жүргізеді. Биыл Абай облысынан ерікті 53 адам сүйек кемігінің әлеуетті донорларының қатарын толықтырды.
Облыстық қан орталығында сүйек кемігі донорларын тарту және іздеумен донорлық кадрларды жинақтау бөлімінің дәрігер-терапевті Тұрарова Сәуле Құрманғалиқызы айналысады. Өз еңбегі үшін Сәуле Құрманғалиқызы Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының басқарма төрағасының және де сүйек кемігі донорларының ұлттық тіркелімі басшысының алғыс хатымен марапатталды.
Біз әрқашан қызметкерлеріміздің атқарған жұмыстарының бағаланғанына және адамдарға пайда әкелетініне қуаныштымыз!

Өмірді сақта - қан доноры бол

Сұрақ қою

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3

Директордың қабылдауы:
+7 (7222) 42-37-65
kgkpcks@med.mail.kz

Пациенттерді (донорларды) қолдау және ішкі сараптама қызметі:
8 776 435 17 73
Яндекс.Метрика