«Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Меню

Донорлық анықтама кімге беріледі?

Донорлық функцияны жүзеге асырғаннан кейін «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) № 123/е нысаны бойынша анықтама бір данада беріледі.
Әрбір анықтамада бірегей нөмір және дәлме-дәл қан тапсырған (донация) күні алынғандығы көрсетіледі.

Анықтама не береді?
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 208-бабына сәйкес қан тапсыруға келген қызметкердің қаны мен оның қан компоненттерін медициналық тексеру және донациялау кезінде жұмыс күндерінің орташа жалақысы сақтала отырып жұмыстан босатылады.
Қан және (немесе) оның компоненттерін өтеусіз негізде қан тапсыруды (донациялауды) жүзеге асырған донорға орташа жалақысы сақтала отырып, жыл сайынғы еңбек демалысына қосылуы мүмкін қосымша бір демалыс күні беріледі. Осы кепілдіктер донация жасалған сәттен бастап бір жыл ішінде жарамды.
Егер жұмыс берушімен келісім бойынша донор болып табылатын қызметкер қан және (немесе) оның компоненттерін донациялау күндері жұмысқа кіріскен жағдайда, оған оның қалауы бойынша орташа жалақысын сақтай отырып, басқа демалыс күні беріледі не бұл күн жыл сайынғы еңбек демалысына қосылуы мүмкін.
Қан мен оның компоненттерін донациялау жүзеге аспаған жағдайда қосымша демалыс күні берілмейді.

Өмірді сақта - қан доноры бол

Сұрақ қою

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3

Директордың қабылдауы:
+7 (7222) 42-37-65
kgkpcks@med.mail.kz

Пациенттерді (донорларды) қолдау және ішкі сараптама қызметі:
8 776 435 17 73
Яндекс.Метрика