#Менің_донор_болу_тарихым
Абай облысы ДСБ Облыстық қан орталығында жұмыс атқаратын көптеген қызметкерлер -қан донорлары болып табылады, өйткені олар жүргізілетін процедураның маңыздылығын түсінеді және көмекке алғашқылардың бірі болуға асығады. Олардың қатарына Бұлан Бақыт Мақсатқызын қосамыз.
Бақыт Мақсатқызының донорлық тарихы 2019 жылы қан орталығына жұмысқа орналасқаннан басталды. Сол уақыттан бері ол үнемі қан мен оның компоненттерін тапсырып келеді.
«Менің ойымша, бұл көмекке мұқтаж адамға көмектесудің ең қарапайым жолының бірі. Қазіргі есебім бойынша 30-дан аса қан тапсырдым, соның ішінде 2 рет толықтай қан, әрі қарай тромбоциттер доноры болдым. Мен осымен ғана шектеліп қалғым келмейді, көмекке мұқтаж жандарға қан тапсыруды жалғастырамын»,-дейді Бақыт Мақсатқызы.
Осы жылдың маусым айында ол облыста ерікті және өтеусіз қан донорлығын дамытуға белсенді қатысқаны үшін Абай облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының Алғыс хатымен марапатталды.
Бақыт Мақсатқызына қан тапсырғаны және пациенттерге көмек көрсеткені үшін зор алғысымызды білдіреміз. Сізге денсаулық, бақыт және амандық тілейміз!